04 Желтоқсан, 2013

Жаңғақ адам өмірін ұзартуға көмектеседі

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04 12 - OrehiҒалымдар жаңғақтардың адам өмірін ұзартуға көмектесетінін алға тартады. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.

Жаңғақтардың құрамында пайдалы заттар көп. «Ол адам өмірін ұзартуға оң ықпалын тигізеді», – дейді зерттеу авторлары. Олардың айтуынша, күніне бір уыс жаңғақ жеп тұрғанның өзі де жеткілікті. Сондай-ақ олар жаңғақтың барлық түрі де пайдалы екенін атап өтті.

Зерттеу авторлары жаңғақтардың қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қауіпін 20 пайызға төмендететінін мәлімдеді. Зерттеуге 120 мың адам қатысқан екен. Ғалымдар ұзақ уақыт бойы бақылау жүргізіп, мынадай деректерді келтірді: аптасына екі рет жаңғақ жеген адамның қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қауіпі 13 пайызға, ал аптасына жеті реттен көп жеген адамдікі 20 пайызға төмендейді. Жалпы жаңғақты жиі жеген адамдардың қан құрамындағы холестерин мөлшері мен қан қысымы төмен болып шықты.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Segodnya.ua

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50