Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2020

Француз компанияларына Нұр-Сұлтанның инвестициялық тартымдылығы таныстырылды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Француз компанияларына Нұр-Сұлтанның инвестициялық тартымдылығы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Француз компанияларына Нұр-Сұлтанның инвестициялық тартымдылығы таныстырылды

Экономикалық дипломатияны ілгерілету аясында Қазақстанның Франциядағы Елшілігі француз инвесторларына еліміздің аймақтарының презентациялары топтамасын өткізу бастамасын көтерді.

Бейнеконференция форматындағы алғашқы осындай кездесу Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен MEDEF қауымдастығына мүше – француз компаниялары арасында өтті. 

Онлайн іс-шара Қазақстан-Франция іскери кеңесінің тең төрағалары Айдан Кәрібжанов пен Ив-Луи Даррикаррердің, Қазақстан Елшісі Жан Ғалиевтің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың, сондай-ақ "Astana Invest" және "Astana Innovations" компаниялары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Өз баяндамасында М. Бектұрова қалалық инфрақұрылымның жағдайы мен болашағы, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен және серіктестермен өзара әрекеттесу механизмдері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Француз компанияларының өкілдері өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар ала алды. Атап айтқанда, оларды инфрақұрылым мен көлікті дамыту, экологияны жақсарту және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ цифрландыру жобаларына қатысу мүмкіндіктері қызықтырды. Француз серіктестер ұсынылған ақпараттың жоғары сапасы мен өзектілігін атап өтті. Кездесуге қатысушылар бірлескен жобалар бойынша жүзбе-жүз талқылау өткізу үшін санитарлық кедергілердің тезірек алынатынына үміт білдірді