04 Желтоқсан, 2013

Киевте наразылық акциялары жалғасуда

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04 12 - Ukraina mitingКиевте еуроинтеграцияны қолдаушылардың наразылық акциялары жалғасуда. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Батькивщина» партиясының төрағасы Арсений Яценюк Николай Азаровтың үкіметі отставкаға кетпейінше парламенттің жұмысы тоқтап тұратынын мәлімдеді.

Украина оппозициясы Жоғарғы Раданың пленарлық отырысын бұзуға мүдделі екендерін жеткізген. Парламент спикері Владимир Рыбак отырысты ашпай жатып, «Батькивщина» оппозициялық фракциясының депутаттары заң шығару органы трибунасын бөгеп тастады. Кезекті үкімет отырысы өтуі тиіс болған министрлер кабинеті ғимаратының алдына жүзден аса ереуілші жиналды. Кіреберісте металлдан жасалған қоршау, ал оның сыртында милиция қызметкерлері сап түзеп тұр.

Тәуелсіздік майданында ұйымдастырылған митинг өтуде. Ондағы ереуілшілердің бір бөлігі түнгі кезекшіліктен үйлеріне қайтты. Дегенмен, тағы бірнеше жүз адам алаңда қалып, митингті жалғастырды. Ал президент әкімшілігі алдында орын алған тәртіпсіздіктердің тоғыз қатысушысы екі айға қамалды. Олардың барлығына «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқан» деген айып тағылды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50