Жапонияда атақты жазушы Харуки Муракамидің «Түзсіз Цукуру Тадзаки және оның саяхатта өткізген жылдары» атты жаңа романы биылғы жылдың ең үлкен таралымына ие болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Харуки Муракамидің жаңа романы биылғы жылдың 12 сәуірінде сатылымға шығып, бірден үлкен сұранысқа ие болды. Дүкен сөрелерінде кітаптар қалмағандықтан, «Бунгэй сюндзю» баспасына туындыны тағы бірнеше рет басып шығаруға тура келді. Қараша айының соңына дейін жаңа романның 985 мың данасы сатылыпты. Бұл деректі санақ жүргізген «Орикон» ақпараттық компаниясы келтірді.
Мураками романының басты кейіпкері – Цукуру Тадзаки есімді жалғыз басты ер азамат. Тегінде қандай да бір түсті білдіретін иероглиф болмағандықтан, оны түзсіз деп атаған. Ал оның бала кезінен бірге өскен достарының тегінде қызыл, көк, ақ, қара түстерді білдіретін иероглифтер болған. Роман барысында басты кейіпкер неліктен бала күнгі достарымен қарым-қатынас үзіп алғанын анықтап білуге тырысады.
64 жасар Харуки Мураками бүгінгі таңда әлемдегі ең танымал жазушылардың бірі. Оның туындылары 40-тан аса тілге аударылған.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com