05 Желтоқсан, 2013

Елдіктің сөзін сөйлейді

417 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Біздің кезімізде қазіргідей ақпараттық технология болған жоқ. Мен ғалым ретінде қандай биіктерге жетсем де, кітап пен мерзімді басылымдарға қарыздармын. Соның ішінде кезінде «Социалистік Қазақстан» аталған қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің орны айрықша. Оның елімізбен бірге жасасып келе жатқан байырғы басылым ретінде де өзіндік ұстанымымен оқырмандарының көңілінен берік орын алғаны шындық.

Жастық шақта еліміздің бас басылымын оқуды әдетке айналдырғанымыз соншалық, әлі күнге бір санын жіберіп алсақ, бір нәрсе жетпейтіндей кәдімгідей көңіліміз қоңылтақсып тұрады.

Мұның өзі «Егеменнің» елдің мүддесін көздейтін материалдарының құндылығынан да болар. Қашанда басылымда жарияланған материалдар салмақты ой, салиқалы пікірге құрылады. Бір сәттік сенсация қуып кетпейді, елдіктің, бірліктің сөзін сөйлейді. Халықты тәрбиелеуге, жақсыға талпындыруға ықпал ететін мәселелерді қозғайды. Қазақтың, мемлекетіміздің тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті, өткені мен бүгіні, алаштың ардақтылары жайлы ең жеріне жеткізе жазатын «Егемен» десем, артық айтқандық болмас. Жазғанда да жеріне жеткізе, илеуін қандыра, қазақ тілінің майын тамыза отырып, оқырманға қажетті деректерді мол келтіретіні ұнайды.

Еліміздің бас басылымында атақты ғалымдар, жазушылар, өнер қайраткерлері қаламынан туған тарихи-танымдық туындылар кім-кімді де өзіне тарта түсетіні баршаға аян нәрсе. Күнделікті сандарынан басқа әр айдың соңғы сәрсенбісінде 16 бет болып шығатын «Етжеңді «Егемен» санын жата-жастана оқитынымызды жасырудың реті жоқ. Мұндағы материалдарды көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың барлығы да қалт жібермейтінін көріп жүрміз. Тіпті қазір теледидарға, интернетке бой алдырған студент жастар арасында бұл басылымның беделі биік. Олар басылымда жарияланған материалдардан көп мағлұмат алатындарын айтады. Сондықтан болар, таралымы ең көп басылым да осы газет.

 «Егемен» көпұлтты, көпконфессиялы еліміздегі татулық пен бірліктің біріктірушісі іспетті, ылғи да халықтар арасындағы достықты насихаттайтын материалдар ұсынады. Елбасының сара саясатын жүзеге асырудың барысымен, өңірлердегі оң өзгерістермен де осы басылымнан хабардар бола аласың. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау ұстанымы да орнықты. Бір сөзбен айтқанда, бұл газеттің ақпараттар айдынында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан беделді басылым екені сөзсіз. Сондықтан да, әр қазақтың отбасында «Егеменді» асыға күтеді.

 Амангелді АЙТАЛЫ,

 философия ғылымдарының

докторы, профессор.

 Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар