«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Зиятдин Касанов, «Мицва» Қазақстанның еврей ұлттық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басшысы Александр Барон, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ құрметті төрағасы Ахметжан Шардинов, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтары қауымдастығы» республикалық ҚБ төрағасы Артуш Карапетян жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық пен халық бірлігін одан әрі нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.
Жекелей алғанда, отандық ғылымды, ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлерді дамыту, сонымен бірге, пандемиямен жалпы күрес аясында этномәдени ұйымдардың интеграциясы бойынша күш салуы, мұқтаж қала тұрғындарына қолдау шаралары жөніндегі идеялар айтылды.
Ералы Тоғжанов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне айтылған ұсыныстарды зерделеп, пысықтауды тапсырды.