05 Желтоқсан, 2013

Сабақ үстінде бір-бірін сабаған қыздар ғаламтордың «жұлдызына» айналды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір «елдің көркі» деп, әнге қо­сы­лып жүрген қыздардың бір-бірлерімен қырылысып, төбелесіп жатқанына да таң қалмайтын болдық. Сондай бір оқиға таяу­да Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде орын алды.

Қазір «елдің көркі» деп, әнге қо­сы­лып жүрген қыздардың бір-бірлерімен қырылысып, төбелесіп жатқанына да таң қалмайтын болдық. Сондай бір оқиға таяу­да Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінде орын алды.

Оқиғаның демде жалпақ жұртқа белгілі болуына оның түсіріліп алынған бейне-желісінің интернет арқылы тарап кетуі әсер етті. Ол қазір ғаламтордағы ең көп қаралатын «жұлдызды» роликке айналып отыр.

Оқиға Мақтаарал ауданындағы ауылдық мектепте болған. Алдағы жылы білім ордасынан «ұшып шық­қалы» отырған 11-сыныпта оқитын екі құрбы бірін-бірі жағадан алып, төбе­леске беріліп, ақырында жарымжан ете жаздаған. Бұған екі қыздың «агентте» сөзбен қағысулары алып барған. Сабақ үстінде агент арқылы сөйлескен олар алдымен бір-бірін мұқатқан. Сосын сықпыртып балағаттауға кіріскен. Ашуларының арыны бұдан да асып кеткен кезде білек сыбанып, майданға шыққан. Олардың күркетауықтай күркіреп келіп, төбелесе кеткендерін тағы бір қыз ұялы телефонға түсіріп ала қойыпты.

Екі қыз төбелес барысында бір-бірін ала алмаған. Соңында бір-біріне жеңіл жарақат салып барып тоқтаған. Кейін тараптардың татуласуына байланысты іс тып-тыныш жабылған екен.

Ал мұны көріп-естіген біздің көңілімізде алаңдаушылық қалып қойды.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар