Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен Сенаттың Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысындағы Исатай ауданының Аққыстау ауылында болды.
Депутаттар сапар барысында Мәдениет үйінде Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру және Парламент жұмысы туралы хабардар ету үшін жергілікті халықпен жүздесті. Президент Жолдауын іске асыру аясында Парламент алдында тұрған міндеттер туралы Қ.Ищанов айтып берді. Онда Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу, республикалық бюджет туралы заңдар бойынша депутаттардың атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды.
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен Сенаттың Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысындағы Исатай ауданының Аққыстау ауылында болды.
Депутаттар сапар барысында Мәдениет үйінде Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын түсіндіру және Парламент жұмысы туралы хабардар ету үшін жергілікті халықпен жүздесті. Президент Жолдауын іске асыру аясында Парламент алдында тұрған міндеттер туралы Қ.Ищанов айтып берді. Онда Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу, республикалық бюджет туралы заңдар бойынша депутаттардың атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды.
* * *
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов «Алматыметроқұрылыс» АҚ құрылысшыларымен кездесті.
Депутат «Сайран» және «Мәскеу» стансаларының құрылысымен танысып, жұмысшыларды Алматының көлік мәселелерін шешу жөніндегі мемлекеттік деңгейде, Парламентте және қала әкімдігінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті.
Сенатор алып шаһардағы көлік мәселелерін шешудің тиімді жолы – метро екенін атап өтті. «Сайран» және «Мәскеу» стансаларының құрылыстары бақылауда тұр. Парламентте бекітілген алдағы жылдың бюджетінде қалған стансалардың құрылысына 15 миллиард теңгеден астам қаржы салынған болатын. Сенатор А.Бижанов Алматы метросының құрылысын қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданатынын жеткізді.
* * *
Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нұрлан Оразалин Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болып, студенттермен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.
Жүздесуде сенатор «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелеріне тоқталды. ХХІ ғасырда білімділер алға шығатынын айтқан депутат сапалы білім алуға және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге назар аударды.
Кездесуге қатысқан жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жастардың алдына қойған міндеттеріне қатысты өз ойларын ортаға салды.
* * *
Аймақтарға сапар аясында Парламент Сенатының депутаттары, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова мен осы комитеттің мүшесі Сергей Громов Орал қаласында болды.
Сенаторлар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті. Жүздесуде облыста «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мәселелері талқыланды.
Сол күні депутаттар Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде болып, одан әрі Оралдағы «Зенит» зауыты» акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында депутаттар «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінің қорытындылары және халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған заңдар туралы әңгімеледі.
* * *
Парламент Сенатының депутаты, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Кулагин Петропавл қаласында болған ауыл шаруашылығының салтанатты шарасына қатысты.
Сенатор Солтүстік Қазақстан облысының басшылығымен және аргоқұрылымдардың өкілдерімен кездесті. Шараға қатысушылар ауыл шаруашылығы жылын қорытындылап, қол жеткен табыстарды атап өтті.
* * *
Аймақтарға дәстүрлі сапар аясында сенатор Анатолий Башмаков Петропавл қаласында облыстық ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалардың қызметкерлерімен, ардагерлер ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық мәдениет орталықтарының өкілдерімен кездесті.
Кездесулерде «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерді іске асыру мәселелері талқыланды. Әсіресе, жастар саясатына ерекше назар аударылды. Партия Төрағасы «Нұр Отан» партиясының съезінде ХХI ғасырда әлеуметтік жаңғыртудың маңызды бағыты болып табылатын жастар саясатына қолдау білдіретін партия алға шығатынын атап өткен болатын.
* * *
Парламент Сенатының депутаты Сергей Плотников Өскемендегі бірқатар әлеуметтік-мәдени және спорт нысандары құрылысының барысымен танысты.
Өскемен тұрғындары депутатпен «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың алғашқы нәтижелері туралы ой бөлісіп, экономиканы, әлеуметтік саланы, мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту жөніндегі мемлекеттік реформаларға қолдау білдірді.
С.Плотников алдағы күндерде Өскемендегі жылу-электр стансасын жаңғырту жайымен танысып, Семейге баратын болады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.