5 желтоқсанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу ауданы Қонаев ауылының 60 жастағы тұрғынын ұстаған. Оның үйін тінту барысында сарайдан жалпы салмағы 22 келі “кептірілген марихуана” есірткі құралымен бес қап табылып, тәркіленген.
"Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Шу ауданының УҰИ-не қамауға алынды, ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", делінген хабарламада.
Жамбыл полицейлері Шу ауданының тұрғынынан бес қап марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғамдық палатада салық кодексінің жобасы талқыланды
Салық • Кеше
Астанада 16 жастағы қыз есірткі жасырып, 6 жылға сотталды
Есірткі • Кеше
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қарағандыда жаңа маркетплейс жұмысын бастады
Сауда • Кеше
Арал тағдырына Орта Азия алаңдап отыр
Экология • Кеше