05 Желтоқсан, 2013

Бизнеске қолдау қажет

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде дәстүрлі брифинг өтті. Оған «Ұлттық бизнесті қолдау жөніндегі заңнаманы жаңғырту» тақырыбы бойынша Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев келіп, саладағы атқарылып жатқан шаралар жайын­да баяндады. Брифингті Орталық ком­муникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев жүргізіп отырды.

«Статистика агенттігінің мә­лі­меттері бойынша, елімізде 1 мил­лион 524 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. Оның ішінде белсенді жұмыс жа­сайтындары – 754 204. Ал жұ­мыс­пен қамтылғандар саны 2 мил­лион адамнан асады. Біздің бағ­дарламаларымыз бойынша 2030 жылға дейін шағын және орта биз­нестің үлесін 40 пайызға дейін жет­кіземіз деп санап отырмыз», деді Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қ.Өскенбаев. Сондай-ақ, ол шағын және орта бизнесті тексеру жайындағы жұмыстарды да назардан тыс қалдырмады.

Отырыс соңында бірінші вице-министр БАҚ өкілдерінің жалпы бизнесті қолдау мәселелері төңірегіндегі түрлі сауалдарына жауап берді.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар