05 Желтоқсан, 2013

Ақпараттар ағыны

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

* Қазақстанда 7 млн. салық төлеушіге табыс­ туралы декларация жеңіл­детіледі.Осыны айтқан Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов кеше сонымен бірге, декларацияны электрондық әдіспен толтыруға да болатынын мәлімдеді.

Қазақстанда 7 млнсалық төлеушіге табыс­ туралы декларация жеңіл­детіледі.Осыны айтқан Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов кеше сонымен бірге, декларацияны электрондық әдіспен толтыруға да болатынын мәлімдеді.

* Республикада ком­мунал­дық тарифтер жыл соңына дейін өзгермейді. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүй­себаев желтоқсанда теміржол мен ішкі рейстер авиабилет­тері бағаларының да өзгермейтінін атап өтті.

* Өскеменде аса мұқтаж жандар баспаналы болды. Кеше осы шараға арналған салтанатта облыс әкімі Бер­дібек Сапарбаев жарты жыл­ ішінде бой көтерген көп­қабатты үй пәтерлері кілт­те­рін соғыс ардагерлері мен олар­дың жесірлеріне, ауған со­ғысының бұрынғы сарбаздарына, көпбалалы отбасылары мен жетім балаларға табыс етті.

* Қызылордада «Шах­нама» – Оғыз мәдениетінің жауһары» атты республика­лық жыр-дастан фестивалі өтті. Оның ашылуында сөй­леген облыс әкімі Қы­рымбек Көшербаев  атақты Фирдоуси жырлаған түркі мәдениетіне ортақ қазына – «Шаһнаманы» қазақша сөйлетуде Сыр пер­зенттерінің рөлі зор бол­ғанын айтты.

* Семейде өткен жиында швейцариялық ғалым өз сөзін түгел қазақша жеткізді. Шәкәрім атындағы университетте ұйымдастырылған конференцияда Цюрихтің әлеуметтік және мәдени антропология университетінің директоры, профессор Питер Финке Қазақстандағы көші-қон туралы жасаған баяндамасын қазақтың әдеби тілінде әдемі айтып берді.

* Ақтаудағы қазақ-түрік лицейінде «Асық» атты клуб ашылды. Білім ордасының директоры Жеңіс Тілемісовтің айтуынша, қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау бағы­тында жұмыс жасайтын бұл отаудың патриоттық сезімді көтерудегі қызметі жоғары болмақ.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды. 

Соңғы жаңалықтар