17 Сәуір, 2010

ДҮБІРГЕ ТОЛЫ ДҮНИЕ

673 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Ұлыбританияда парламент сайлауының 6 мамырда өтетіні туралы хабар тек британдықтарды ғана емес, әлем саясатшыларын да елең еткізді. Бұл сайлау – үлкен биліктің сайлауы. Жеңіске жеткендер әлемдегі ең қуатты елдердің бірінде билік тізгінін ұстайды. ЖЕҢІЛГЕНДЕР ЖЕҢГЕНГЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙДЫ Қашан да бұл елде сайлау нау­қа­ны үлкен саяси бел­сенділік жағ­да­йында өтеді. Сая­си партия­лар­дың кү­ре­­сін түсі­не­сің, же­ке адам­дар да бұл саяси таңдауда өз көз­қара­сын біл­діру­ді азаматтық бо­рыш­тай санайды. Саяси пар­тиялар дегенде, Британия қауы­мындағы дәстүрлі күрес негізгі екі партияның – лей­борис­тік және консервативтік партия­лардың ара­­сын­да өтеді, оған аракідік ли­берал-демо­кра­тия­лық партия­ның қосыла­тыны бар. Соңғы кезде лейбористердің жолы болып тұр. Олар он үш жыл бойы билік басында. Алды­мен үшінші мерзімге сайланған Тони Блэр, өзінің беделі біршама төмен­дегенін аңғарып, қаржы министрі болған Гордон Браунға жол берді. Бұл тактикалық қадам еді. Әдетте халық бірсыдырғыдан “жалығады”, өзгеріс болғанын қалайды. Тони Блэрдің тұсында да, оның соңғы билік кезінде де елдің жағдайы анау айтқандай нашарлай қойған жоқ. Жетістік те, кемшілік те болды. Бірақ жұрт жаңалық күтеді. Оны жаңа адам әкелетіндей көрінеді. Лей­бористер партиясы­ның басшы­лығы Браунға тоқтады. Сайлау науқаны басталысы­мен-ақ сарапшылар болжам айтуға кірісті. Алғашқы сауалда­ма­ның нәтижесі халықтың ықы­ла­сы кон­­сервативтік партия­ның жағын­да екенін аңғартты. Мұны да ха­лықтың психологиялық көңіл-күйі­не байланыстыруға болар. Әдет­те бар кемшілік билік­тегілер­ге арты­ла­ды. Жұрт өздерінің басына түскен қиын­­дық­ты солар­дан көреді. Тек бри­тан­дықтардың ғана емес-ау, бүкіл әлем жұрт­шылығы­ эко­­­­­­­н­о­­микалық дағ­дарыстың ауырт­палығына тап болды. Енді лей­бористердің соны өз мойын­дары­на артуы тиіс. Содан да, You Gov ком­па­ния­сының зерт­теу­­леріне қара­ған­да, сайлау дәл бү­гін өте қалса, ха­лықтың 41 па­йызы консер­ва­тор­­ларға, 31 па­йы­зы лей­борис­тер­ге дауыс бер­мек кө­рі­­неді. Ал ІСМ ком­­па­ния­­сы жүр­гізген сауал­дама бойын­ша бұл екі партия арасын­дағы айыр­ма­шы­лық 4 пайызды ғана құрайды. Әрине, жағдай науқан бары­сын­да айтарлықтай өзгереді. Әңгіме партияның бұл науқанды қалай жүргізетініне де байла­ныс­ты. Сол күні-ақ премьер-министр Браун елді аралауға шықты. Ал консер­ваторлардың көсемі Дэвид Кэмерон жұртты тағы да бес жыл лей­борис­тердің, оның көсемі Браун­ның билігінде болуға көн­беуге шақырды. Консерваторлар “қоғам ұмытқан қауым – жастар мен қарттарды, байлар мен кедейлерді, қаралар мен ақтарды, гомосексуа­листер мен гетеро­сексуал­дарды” қорғайтын­дық­­тарын мәлімдеді. Дәл осындай ұранмен халықтың ықыласын өзіне аудару қиын-ау дейсің. Нақты жағдай жетекші үш партия – консервативтік, лей­борис­т­ік және либерал-демокра­тиялық партиялардың көсем­дері­нің телепікір сайысынан кейін анық­талатын болады. Мұнда партиялар­дың бағдарламалары ғана емес, көсемдердің пікір­сайыстық шебер­лігі де сынға түседі. Бүгінге дейін сайлаушы­лардың үштен біріндейі әлі кімге дауыс беретіндіктерін ай­қын­дамаса, сол пікірсайыс таңдау жасауға көмектеседі. Бұл елде қалыптасқан жақсы дәстүр – күрес кезінде қарсы­лас­­тар бір-біріне қатты-қатты сын айтады, ал сайлаудың қорытын­дысы шыққаннан кейін жеңіл­гендер жеңгендерге құрметпен қарай­ды. Оппозицияның билікті балағаттауы жоқ, ел мүддесі үшін атқарылып жатқан іске қолдауы бар. Билік те оппозицияның пара­сатты сынына әркез құлақ асады, оларды жау санамайды. Мұны өркениет өнегесі десек болар. МЫҚТЫЛАРДЫҢ КҮШ СЫНАСПАҒАНЫ ЖАҚСЫ Әлемдегі үлкен бір жаңалық – осы аптаның бейсенбі, жұма күндері Бразилияда БРИК одағының саммиті өтті. БРИК деген Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай дегенді білдіреді. Демек, осы елдердің басшылары бас қосып, өздерін толғандырған мәселелер жөнінде пікір алмасты. Жалпы, ынты­мақтық мақсатын­да одақ құрған жақ­сы-ақ. Тек ол екінші бір одаққа қарсы болмасын дейік. Үлкен қиын­­дықтан күш бірік­тіріп шы­ғып жатса, үлкен бір асуларға күш бірік­тіріп көтері­ліп жатса, оны барынша құптаған жөн. Әлемдегі ең алып елдер қатарына жататын Қытай, Үн­дістан, Брази­лия және Ресей сияқты елдер бас біріктіріп, жақсылыққа бастамашы болып, келеңсіздікке қарсы тұрып жатса, ол басқалар үшін де игілікті шаруа. БРИК-тің құрылуын жұрт­шы­лық оң қабылдады. Елдердің жақындасуына, ортақ мәселені бірігіп шешуіне жағдай жасайтын қадам ретінде оған біраз үміт те артылып отыр. Бұл одақты насихаттауға Ресей президенті Дмитрий Медведевтің өзі де ара­ласып, БРИК саммиті қарсаңын­да ол жайында мақала да жария­лады. “2010 жылдың 15-16 сәуі­рінде Бразилияда өтетін БРИК саммиті – жас та болса, өзінің алғашқы қадамдарынан-ақ ха­лық­аралық беделге ие болған жиын, – деп жазды ол. – Бұған да таңдануға болмас, өйткені, оған кіретін мемлекеттер дүние жүзі аумағының 26 пайызын алып жатыр, әлем халқының 42 пайызы осы елдерде және әлем­дік ішкі жалпы өнімнің 14,6 пайызы осында өндіріледі...”. Ел басшысының бұл айтқан­дарын толық түсіністікпен қабыл­дауға болар. Бірақ Ресей ақпарат құралдары өздерінің әдетіне басып, БРИК-ті насихат­тауды даңғазаға айналдыра баста­ды. Ең жосықсыз­дығы – оны бас­қа құрылымдарға қарсы қо­йып, қалай да бір шие­леніске апа­рып тірегісі келеді. Сонда олар­дың тап­қаны – “төрт­тік” деп атала­тын БРИК-ті бұрын­нан жұрт­қа белгілі әлемдегі ең әлеует­­ті елдер клубы “Үлкен сегіз­дікке” қарсы қою. Сонда олардың айт­пағы – “Үлкен сегіздіктің” күні өтті, болашақ – “Төрттікте” көрінеді. Бұл ретте Ресейдің “Новости” ақпарат агенттігінің саяси шолу­шысы Дмитрий Косырев ерекше белсенділік көр­­сетіп жүр. Оның да бел­гілі бір топ­тың тап­сыры­сын орын­дау­шы еке­­нін аң­ғаруға бола­ды. Бұл жерде біз әлем­нің бай ел­дерін бірік­тірген “Үлкен сегіз­дік” клубы­на еме­ше­­гіміз үзіліп, ара түсейік деп тұр­ғанымыз жоқ, әңгіме жетек­ші ел­дердің бір тобын екіншісіне қар­сы қою пиғылы жайында болып отыр. Осынау пасық идея автор­­лары­ның бір бейшаралығы – басқаға тас лақтырамын деп алды­мен өз еліне айтарлықтай күйе жақ­қанын аңғармайды. “Из­вестия” газеті жақында өледі дейтін сол “сегіздіктің” бір мү­ше­сі – Ресей. Рас, кейін Ресей­ді “сегіздіктен” шығарып тастау керек деген де сөз айтылғаны бар. Қалай дегенде де, “Үлкен сегіздік” жаман болса, ол Ресейге де тиеді. Жалпы, сонау 1975 жылы құрылған “Үлкен сегіздік” (бұ­рын “жетілік”) клубының бұрын­ғы кезін айтпағанда, соңғы кезең­де әлем алдында тұрған өзекті мәсе­лелерді талқылап, әсіре­се, даму­шы елдерге, аштық­тан күй­зел­ген Африкаға көмек қолын ұсынған қадамдарын әбден-ақ қолдауға болар еді. Соңғы әлемдік дағ­дарыстан шығу жолдарын іздес­­тірудегі де осы клубтың бастама­шылығы атап айтарлық. БРИК-тің жарнамашылары оның әлемдегі орнын алға тосады. Бұл ретте олардың “сегіздікті” қомсынатындай да жөні жоқ. Айталық, ішкі жалпы өнім көлемі жөнінде Ресейді АҚШ он орап алса, Жапония төрт, Германия үш орап алады. Содан да көп жайды аңғаруға болар еді. Мұны да “Из­вестия” газетінің “төрттік” “сегіз­дік­тің” үстіне шығады деген даңғой тұжырымына орай айтып отырмыз. Қалай болғанда да, жетекші елдердің бір тобын екіншісіне қарсы қою – арандатушылық идея. БРИК одағы оған біріккен елдердің қарқынды дамуына септігін тигізер болса, оған ақ жол тілеген ләзім. Кейбіреулердің көк­сегеніндей, олар “Үлкен сегіздік­пен” бәсекелестікті мақсат тұтар болса, оның болашағы күмәнді. Мамадияр ЖАҚЫП.