Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2020

Елордалықтар репродуктивті денсаулығын қалай жақсартады?

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы емханаларда бүгінде 25 отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейді, оларда репродуктивті денсаулықты қорғау және нығайту, түсік жасатудың алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану және жүктілік пен босануға, соның ішінде жасөспірім қыздарды жүктілік пен босануға дайындау сияқты көмек көрсетіледі.

Елордалықтар репродуктивті денсаулығын қалай жақсартады?

Нұр-Сұлтан қаласында 345 мыңнан астам фертильді жастағы әйелдер (15-49 жас) тұрады.  Медициналық ұйымдарда ауыр экстрагенитальды патологиясы бар 2700-ден астам фертильді жастағы әйелдер тіркелген.

«Жүктілік өмірге үлкен қауіп төндіруі мүмкін ауыр экстрагенитальды патологиясы бар фертильді жастағы әйелдерге контрацептивтер тегін беріледі. Сондай-ақ, контрацептивтерді ақысыз негізде беру санатына халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтағы пациенттер - атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы аналар, жұмыссыздар, жыныстық белсенді жасөспірімдер кіреді. Контрацепцияны алу үшін фертильді жастағы әйелдер дәрімен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінде рецепт берілетін жергілікті дәрігерге немесе отбасын жоспарлау кеңсесіне жүгіну жеткілікті»,- дейді денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Жүктілік жағдайына сәйкес, қазіргі уақытта диспансерлік есепте 16000-нан астам жүкті әйел тіркелген, оның 1800-і ана мен перинатальды қауіптілігі және ауыр экстрагенитальды аурулары бар жүктілер.

Дәрігерлердің айтуынша, жүктілікке алдын-ала дайындық қажет. Қалыпты жүктілікке және сау баланың туылуына дайындауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және терапиялық шаралар кешенінен өту керек.
Жұп зиянды әдеттерден бас тартқан кезде және өмір салтын өзгертуден бастап, дене салмағын қалыпқа келтірген кезде, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен түрлі ем қабылдаған жағдайда сау баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі артады.