Аймақтар • 23 Шілде, 2024

ШҚО-да қос шенеунік сотталды

1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық соты 12 шілдеде облыстың Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Б. Нұралиев пен оның орынбасары А. Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да қос шенеунік сотталды

Айыпталушылар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.  Олар осындай әрекеттері арқылы мемлекетке 63 млн теңге сомасында залал келтірген.
 
Сот үкімімен Б.Нұралиев пен А.Тұрақбаевқа 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
 
Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:00

Толағай қыз

Қоғам • Бүгін, 08:50

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20