Қоғам • 11 Желтоқсан, 2020

Мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Египет, БАӘ, Түркия, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келген. 1 668 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 530 адам, анықтамасыз 138 адам - ҚР азаматы келген.

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылып, ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды. Барлық 139 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 9 желтоқсанында анықтамасыз келген 115 адамның ПТР сынамалары да теріс нәтиже көрсетті", делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ташкент қаласынан ұшып келген Өзбекстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.