8 желтоқсан күні аталған оқиғаға орай, жаппай тәртіпсіздік фактілері негізінде қылмыстық іс бойынша облыста басты сот талқылауы басталған болатын. Жамбыл облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушылардың сауалнамалық деректері, әрбір сотталушының тағылған айып бойынша ұстанымы анықталған.
«Жаппай тәртіпсіздікке шақыруымен байланысты эпизод қарастырылды, сондай-ақ жәбірленуші М.Дывтың мүлкін ұрлау фактісі бойынша эпизодты қарау басталды. Осы эпизодтар бойынша сотталушылар кінәсін толық мойындап, айғақтар берді. Сот тарапынан процеске қатысушылардың аудармашылармен қамтамасыз ету, сотталушылардың туыстарын қосымша қорғаушы ретінде тану туралы өтініштеріне рұқсат берілді. Сот талқылауы жалғасуда, дәлелдемелерді зерттеу процесі жүріп жатыр», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, сот отырысы сотталушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ашық форматта өтуде. Сот процесінің ашықтығы, сот қорғауына қолжетімділік және процеске қатысушылардың жарыспалылыққа құқықтарын іске асыруы қамтамасыз етілген. Сотталушылардың туыстары үшін жеке залдар, ал бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін №2 қалалық сот ғимаратында сот процесі тікелей трансляцияланатын зал жабдықталған. Сот процестері ағымдағы жылғы 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал, биылғы жылғы 14-20 желтоқсан аралығында үзіліс жариялау жоспарланған.
Жамбыл облысы