Елорда • 11 Желтоқсан, 2020

Таяу уақытта су тапшылығы орын алуы мүмкін - Алтай Көлгінов

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ЖЭС-3 құрылысы келер жылы аяқталмаса жылу тапшылығы болуы ықтимал. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Таяу уақытта су тапшылығы орын алуы мүмкін - Алтай Көлгінов

«Үшінші жылу электр стансасын аяқтау сынды жүйелі мәселелер бар. Келер жылы оның құрылысын аяқтамайтын болсақ, онда таяу уақытта жылу жетіспеушілігіне қатысты қиындықтар туындауы мүмкін», деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының отырысында.

Сонымен қатар қала басшысы сумен жабдықтауға қатысты да мәселелердің бар екендігін баса айтты.

«Суға қатысты үшінші сорғы-сүзгі стансасын салуымыз қажет. Әйтпесе, таяу уақытта су тапшылығы орын алады. Бұған қоса, кәріздік тазарту құрылғысын да салуға тиіспіз. Елорданың қарқынды дамуына, халық, көлік санының өсіміне қатысты өзге де проблемаларды айтпағанда осы үш мәселе жүйелі сипатқа ие болып отыр. Әрине, мұның барлық көлік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымға жүктеме түсіреді», деді Алтай Көлгінов.