Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу үшін жоба-сметалық құжаты дайындалуда. Яғни, зауыттың жұмысын одан әрі дамыту мақсатында темір жол тұйығын тарту мен электр энергиясын жеткізу керек. Жоба мақұлданса өндіріс көлемі ұлғайып, қосымша 20 жұмыс орны ашылады.