– Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жұмыстың «сервистік» моделіне тек жергілікті атқарушы органдар ғана емес, басқа мемлекеттік ұйымдар да көшуде. Бұл түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев іс-шара барысында.
Мұнда күту орны, ақпараттық стендтер, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға пандус пен көлік қоятын орын қарастырылған. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта облыстың барлық 19 өңірі мен Краснояр ауылының әкімдіктері «сервистік» жұмыс форматына көшті, ал, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда Ореn space және front office форматындағы 72 кабинет ашылды.
Сондай-ақ, барлық аудандар мен қалалардың әкімдіктерінде бірінші қабаттарда азаматтарды қабылдауға арналған Ореn space форматындағы кабинеттер орналасқан. Қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың түрлі ұйымдарының 700-ден астам бірінші басшылары бірінші қабаттарға көшті.
Ақмола облысы.