Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2020

Қазақстан мектептерінде онлайн оқыту тоқтатыла ма?

1357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантиндік шектеулер кезінде мектептердің жұмысына қатысты шешімді тек санитар дәрігерлер қабылдай алады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мектептерінде онлайн оқыту тоқтатыла ма?

"Онлайн оқу мен қашықтан оқу - екі түрлі формат екенін ескерулеріңізді сұраймын.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушылар негізінен қашықтан оқып жатыр.

Жаңа оқу жылында министрлік тарапынан мұндай мәселе айтылған жоқ.

Әрине, білім саласына жауап беретін министрлік ретінде балалардың тезірек мектеп қабырғаларына оралғанын қалаймыз.

Дегенмен, барлығымыз Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын орындауға міндеттіміз", деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.