Кино • 11 Желтоқсан, 2020

БҰҰ қолдауымен «Батыр» фильмінің онлайн тұсаукесері өтті

312 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Халықаралық адам құқықтарының күнінде және гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік жаһандық науқан аясында «Батыр» қысқаметражды фильмінің онлайн тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

БҰҰ қолдауымен «Батыр» фильмінің онлайн тұсаукесері өтті

«Батыр» фильмі сегіз беделді халықаралық кинофестивальдің қатысушысы және Ұлыбританиялық London X4 - Seasonal Short Film Festival фестивалінде «Үздік қысқаметражды фильм» және «Үздік әйел рөлі» жүлдесінің иегері. 

«Батыр» фильмі — әлемді біз қалағандай қалпына келтірудегі адам құқықтарының маңыздылығы, жаһандық ынтымақтастық пен ортақ адамзаттың қажеттілігі туралы тағы бір рет мәлімдеу мүмкіндігі. БҰҰ қолдауымен фильм алғаш рет Қазақстанда көпшілікке ұсынылады. Аталмыш фильмді түсіру идеясы ұлының денсаулығын сақтауға үлкен ақша табу үшін өз тәнін құрбан еткен әйелдің шынайы оқиғасынан туындаған. 

Онлайн тұсауксерге фильмнің продюсері Лаура Сапа, режиссер Елена Лисасина, басты рөлді сомдаушы актерлер Жанель Серғазина мен Шыңғыс Капин және де фестиваль агенті Әйгерім Рамазан қатысты. 

666

Көрермен қауымға фильмді ұсына отырып, Лаура Сапа «Біз алғашқы туындымызды әйелдер мен қыздарға қарсы гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбына арнауды ұйғардық. Бүкіл әлемде әйелдер ұлтқа, жасына және қызмет саласына қарамастан зорлық-зомбылыққа ұшырайды. ХХІ ғасырда біз әлі де осы мәселеге тап болатынымыз өте өкінішті. Зорлық-зомбылыққа жол бермеу тетіктері көбіне аздық етіп жатады. Заманауи қоғам агрессивті бола бастады» деп атап өтті. 

«Сомдаған рөлім өте қызықты, бірақ сонымен бірге бұл рөлдің қиындықтары да көп болды. Қазақстандық әйел күн сайын батыр атанып, кішкентай әрі үлкен жетістіктер мен жеңістердің себепкері болады. Нағыз батырлар – өз отбасы мен балаларының амандығы үшін күресетін қарапайым әйелдер», деп өз басты рөлді сомдаушы актриса Жанель Серғазина өз ойымен бөлісті. 

Биылғы жылы Адам құқықтары күні мен 16 күндік жаһандық науқан тақырыбы COVID-19 пандемиясымен байланысты және осы салада жүзеге асырылатын іс-шараларда адам құқықтарының орталық рөлін қамтамасыз ету арқылы тиімді қалпына келтіру қажеттілігіне бағытталған. Егер біз барлығына бірдей мүмкіндік жасап, COVID-19 анықталған және инфекцияның таралуына ықпал ететін кемшіліктерді жоя алсақ және гендерлік зорлық-зомбылық, оқшаулау және кемсітушілік проблемаларымен тамырланған және жүйелі түрде көрінетін проблемалармен күресу үшін адам құқықтары стандарттарын қолдана білсек, барлығымыз бірге ортақ жаһандық мақсаттарға қол жеткіземіз. 

БҰҰ қалың жұртшылықты, серіктестерді трансформация жүргізуге қолдау көрсетуге тартуға және неғұрлым тиімді қалпына келтіруге жәрдемдесетін және өміршең әрі әділ қоғам үшін жағдай жасай алатын практикалық іс-шаралардың рухтандыратын мысалдарын көрсетуге ұмтылады.