Елбасы • 11 Желтоқсан, 2020

«Елбасы медалінің» алғашқы иегерлері анықталды

900 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев қорында «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және ата-аналар қауымдастығының өкілдері енді.

«Елбасы медалінің» алғашқы иегерлері анықталды

Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, 2020 жылы 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Комиссия бағдарламаның барлық бағыттары бойынша тапсырмаларды сәтті орындаған қатысушылардың алғашқы легінің нәтижелерін қарады. Жиын қорытындысы бойынша 1000 қатысушыны 2020 жылы Елбасының қола медалдарымен марапаттау туралы шешім қабылданды.  Қазіргі уақытта тағы 7 мың жас қазақстандық бағдарламаның қола деңгейінде қатысуды жалғастыруда.

Елбасының 2020 жылғы қола медаль иегерлерінің тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.

Қазіргі уақытта жобаға 11 мыңнан астам қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшы қатысуда.