Кездесу барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы "Қазақстанның территориясы – Ресей тарапынан үлкен сыйлық" деген сөзіне қатысты түсініспеушілік білдірді.
Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні атап өтілді.
ҚР СІМ ресей тарапының мұндай мәлімдемелерге тиісті баға беруін күтуде және Ресей Федерациясының мемлекет қайраткерлерінен мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақырады.
Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • Бүгін, 09:55
Үкімет Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді
Үкімет • Бүгін, 09:55
Білім саласындағы әріптестік дәнекері
Білім • Бүгін, 09:50
Жаңалығы жоғары бағаланған ғалым
Тұлға • Бүгін, 09:45
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Кәсіпкер • Бүгін, 09:35