Білім • 13 Желтоқсан, 2020

Республиканың 24 мектебінде санитарлық талаптар сақталмаған

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық ережелер мен карантин режимі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында аумақтық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменттері мен мониторингтік топтардың қызметкерлері 2020 жылғы 4-10 желтоқсан аралығында мектептерге 236 тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Республиканың 24 мектебінде санитарлық талаптар сақталмаған

Бұзушылықтар республиканың 24 мектебінде анықталды. Маска режимін, дымқыл тазалау және дезинфекциялау кестесін бұзу, парталар арасындағы арақашықтыққа қойылатын талаптарды сақтамау фактілері тіркелген.

Сонымен қатар, төмендегідей бұзушылықтар жиі кездеседі: тазалау және дезинфекциялау құралдарының, бактерицидті шамдардың жеткіліксіз мөлшері; пайдаланылған маскаларды жинауға арналған контейнерлердің болмауы, және кейбір мектептерде асханалар жұмыс істегені анықталды.

Санитариялық дәрігерлердің талаптарын сақтамау фактілерінің ең көбі: Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында анықталды.

Бұзушылықтар анықталған мектептерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мәселелер білім басқармалары басшыларының және мектеп директорларының қатысуымен өткізілген кеңестерде қаралды. Бүгінгі күні барлық бұзушылықтар жойылған.