А.Қоңыровтың айтуынша, Қазақстан коммунистік халық партиясы жуырда өз атауын өзгертіп, бұдан былай Қазақстан Халық партиясы деп аталады. Алайда партия бұрынғы ұстанымдарынан, бұған дейінгі бағытынан айныған жоқ. Тек алдағы жоспарлары мен даму даңғылын ғана айқындап алғанға ұқсайды. Яғни Қазақстан Халық партиясы елдің саясатын әлеуметтік бағытқа бұрған.
Партия төрағасының айтуынша, партия URANkz республикалық қоғамдық бірлестігімен әріптестік орнатқан. Мәселен, партия мүшелері аталған бірлестікпен бірге «Қызыл автобус» акциясының шеңберінде Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында болып, «Еңбек» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысыпты. Сондай-ақ партия өкілдері осы облыстағы кейбір аудандар мен ауылдарды аралап, әлеуметтік мәселелерге де мән берген.
Нұр-Сұлтан