Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2020

Қазақстанға шетелден 2734 әуе жолаушысы келді

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Украина, Қырғызстан және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

Қазақстанға шетелден 2734 әуе жолаушысы келді

2 734 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 253 адам, анықтамасыз 481 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 639 жолаушы, анықтамамен - 1 402, анықтамасыз - 237;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 059 жолаушы, анықтамамен - 815; анықтамасыз - 244;
Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 30 жолаушы анықтамамен келген.
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Бір күн бұрын, 2020 жылдың 12 желтоқсанында анықтамасыз келген 243 адамның ПТР сынамалары теріс нәтиже көрсетті.