Әлем • 14 Желтоқсан, 2020

Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия үкіметі Biontech/Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат 29 желтоқсан күні берілетінін хабарлады. Ангела Меркель Германияда КВИ қарсы екпе егу аталған уақыттан кейін ғана басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі

Күшіне енетін шектеу шаралары:

Дүкендер 10 қаңтарға дейін жабық болуы керек (бірінші кезекте қажетті тауарлар сатылытын дүкендерді қоспағанда)

Рождество мерекесінде 2 отбасыдан 5 адамнан артық емес жиналуға болмайды. 10 адамға дейін тек жақын туыстар ғана жинала алады. Жаңа жыл мерекесі күндері шектеу шаралары жеңілдетілмейді;

Мектептер жабық болады немесе еркін қатысу енгізіледі;

Шіркеу қызметтеріне тыйым салынбайды, бірақ шіркеу ішінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау керек және міндетті түрде бетперде тағу керек;

Шаштараздар мен сұлулық студияларының қызметіне тыйым салынады;

Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынады, тамақтану орындарын үшін тек өзімен алып кетуге және жеткізу қызметінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

Германияға шетелден келушілер елге коронавирусқа қарсы теріс сынамасының қорытындысымен және 5 күндік оқшауланудан кейін ғана кіруіне болады.