Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2020

Шымкенттік 46 азамат Мемлекеттік наградамен марапатталды

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді құттықтап, егемендік жылдары Шымкенттің қарыштап дамығанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкенттік 46 азамат Мемлекеттік наградамен марапатталды

– Тәуелсіздік арқасында Шымкент қаласының дамуы жаңа деңгейге көтерілді. Еліміз егемендік алған жылы Шымкентте халық саны 400 мың адам болса, бүгінгі күні 1 миллион адамнан асты. Қала аумағы кеңейіп, 13 мың гектардан 116,3 мың гектарға дейін ұлғайды.

Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде қала бюджеті 1994 жылғы 1,0 млрд. теңге болса, бүгінгі күнде 455 млрд. теңгеден асқанын жеткізді. Қала экономикасына 2,6 трлн-нан астам инвестиция бағытталған. 1991 жылдан бері 6,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілгенінен дерек келтірді.

“Қол жеткізген табыстарымыздың барлығы – Тәуелсіздіктің, осы жолда жан аямай тер төккен азаматтарымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. Қашанда тәу етер Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын, деді шаһар басшысы.

99

Салтанатты жиында “Асар” мөлтек ауданынынан 1200 орындық жалпы орта мектеп, “Нұрсәт” мөлтек ауданынан бір ауысымда 700 адамды қабылдайтын «Атамекен» медициналық орталығын және түсті металл мен арматура шығаратын өндіріс орны онлайн форматта ашылды.

Сонымен бірге, салтанатты шарада ҚР Президентінің Жарлығымен, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Шымкент қаласының 46 азаматы Мемлекеттік наградамен марапатталды.

89