Экология • 14 Желтоқсан, 2020

Алматыдағы «Желтоқсан» саябағы 100 көшетті саялатты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі болған ­-­ Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Желтоқсан» саябағы ашылды. 13 желтоқсанда ашылған саябақ Түрксіб ауданының Жас қанат және Маяк шағын аудандарының аумағында орналасқан. Аумағы жағынан қаладағы ең ірі үш үлкен саябақтың біріне айналған 100 гектарлық «Желтоқсан» саябағы қаланың солтүстік бөлігіндегі ең үлкені болып табылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы «Желтоқсан» саябағы 100 көшетті саялатты

Бүгін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская бұл әкімдіктің қоғамдық кеңістік құрудағы ең ауқымды жобаларының бірі екенін атап өтті. Бұрын аумақ абаттандырылмаған және қараусыз қалған, ал көгалдандыру құлдыраған.

«Пандемияға қарамастан, 2020 жылы біз аумақты абаттандыру және жасыл қорды сауықтыру жұмыстарының бірінші кезеңін бастадық. Мұнда асфальтбетон, спорт алаңдарына арналған резеңке жабын, төсем төселді. Жаяу және велосипед жолдары мен жолдар жасалды. Спорттық және балалар алаңдары ұйымдастырылған. Аумақта 125 орындық пен 130 қоқыс жәшігі орнатылды», деді Наталья Ливинская.

Саябақ ашылған күні 100 қылқан жапырақты ағаш отырғызылды – бұл қарағай, көк шырша және Тянь-Шань шыршасы. Көгалдандыру алаңы - 23 мың шаршы метр болады. Басқармада хабарланғандай, аумақты көгалдандыру келесі жылы да жалғасады