Елорда • 14 Желтоқсан, 2020

Елордадағы газ баллондар пайдаланатын 150-ге жуық нысан тексерілді

121 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада тұрмыстық баллондарды пайдалану талаптарын сақтау бойынша ведомствоаралық топ жұмысын жалғастыруда. Осыған дейін ТЖД, тұрғын үй инспекциясы, өнеркәсіптік қауіпсіздік және полиция қызметкерлерінен құралған мамандар 147 түрлі субъектілерде нұсқаулық өткізді. Оның ішінде 125 қоғамдық тамақтану нысаны, 11 АГҚС, 5 барақ үлгісіндегі үй, 6 жатақхана бар. Сондай-ақ сауда үйлері мен базарлар иелеріне Zoom арқылы семинар өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы газ баллондар пайдаланатын 150-ге жуық нысан тексерілді

«Егер аудандар бөліп алатын болсақ, Байқоңыр ауданы бойынша - 46 қоғамдық тамақтану объектісі, Есіл ауданы бойынша - 21, Сарыарқа ауданы бойынша - 30 қоғамдық тамақтану объектісі, Алматы ауданы бойынша - 28 қоғамдық тамақтану объектісі және төрт жатақхана. Мысалы, Шұбар шағын ауданында - «Жираф», «Джеки Чан», «Саянұр» базарында, «Артем»сауда үйі бойынша жұмыстар жүргізілді. 147 нысанның шамамен 30% -ы электр энергиясына көшті», – деп атап өтті брифингте Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Дархан Құлбаев.

Сонымен қатар азаматтар талап бұзу фактісін көрсете отырып, жазбаша өтініш берген жағдайда, тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері әкімшілік шаралар қолдана отырып, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру шараларын ұйымдастыратын болады. Газды пайдалану, газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін:
жеке тұлғаларға – 7 АЕК,
шағын кәсіпкерлік субъектілерге – 10 АЕК;
орта кәсіпкерлік субъектілерге – 15 АЕК;
ірі кәсіпкерлік субъектілерге – 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылғаннан кейін, елорда әкімі тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен құқық қорғау қызметі енгізілді. Осы бағыт бойынша жұмыс тұрақты жүргізіліп келеді.