Қоғам • 14 Желтоқсан, 2020

Жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша іс-шаралар кешені өз мәресіне жетті

767 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еріктілер жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының жастары арасында суицидтің алдын алу бойынша іс-шаралар кешені болып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша іс-шаралар кешені өз мәресіне жетті

Жоба шеңберінде ата-аналарға педагогикалық құзыреттілікті және отбасылық тәрбиені жетілдіру, 8-11 сынып оқушылары, орта білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын-алу және олардың арасында суицидтің алдын-алу бойынша тренингтер ұйымдастырылды.

«Біздің басты мақсатымыз - еліміздің болашағы жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу, жастар арасында суицидтің алдын алу, қоғамға осы мәселелердің маңыздылығы туралы білім беру және қажетті ақпарат беру. Жобаның мақсатты аудиториясы жастар мен жасөспірімдер екендігіне қарамастан, біз бірқатар іс-шаралар шеңберінде ата-аналармен онлайн-тренингтер өткіздік, сондықтан, ең алдымен, олар өз отбасыларындағы жастарға басшылық жасайды және қолдайды», - деді «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментаев.

Мектеп оқушыларының, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерінің бос уақытын ұйымдастыру мақсатында плогингтер; қар шығару жұмыстары жүргізіледі. Интернет кеңістігінде елдің танымал спортшылары, жастары мен еріктілері арасында спорттық челлендж басталды. Челленджді Қазақстандағы «Street workout» қозғалысының негізін қалаушы Айтым Жақыпов пен паралимпиадашы, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының экс-капитаны Серік Есматов бастады.

«Статистика суицидке жақын жастардың бос уақытында қатты күйзеліске ұшырап, түрлі ойларға бататындығын көрсетеді. Осындай жағдайларды болдырмау және жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін, челлендж кезінде әр спортшы жастарды тарту мақсатында өз спортының шағын презентациясы ретінде бейнеролик түсірді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ шара барысында бейнероликтер байқауы өткізілді. Қазылар алқасының шешімімен 3 үздік жоба таңдалды, олардың жеңімпаздары «Астана Жастары» КММ Instagram-дағы @astana_jastary ресми парақшасында дауыс беру арқылы анықталды. Байқау жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шаралар кешенін қорытындылау және байқау жеңімпаздарын марапаттау 14 желтоқсанда өтті. Салтанатты шараның қонақтары практикалық психолог, суицидолог, психотерапевт, Қазақстан Психологтар Одағының мүшесі, «Атамекен» ҰКП «Бастау Бизнес» психологы Наталья Сычугова және Қазақстандағы «Street workout» қозғалысының негізін қалаушы Айтым Жақыпов, сонымен қатар ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Нэлля Нуруллаевна қатысты.