Ғылым • 15 Желтоқсан, 2020

82 млрд теңге бөлінеді, ал жалақы – 136 мың теңге

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ADAL BILIM жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен университет оқытушылары неге ғылыммен айналыспайтыны туралы айтты.

82 млрд теңге бөлінеді, ал жалақы – 136 мың теңге

«Оның басты себебі – ғалым­дардың жалақысының төмен­дігі. Бакалавриат, магистратура, докторантура түлектері ғылым­мен айналысқысы келсе де, эко­номикалық жағдай кедер­гі келтіреді. Қазір дарынды жас­тарды академиялық жолға шақыру қиын. Елімізде ғылымға 82 млрд теңгеге жуық қаржы бөлі­неді. Соған қарамастан Ғылым комитетіне қарасты ғылы­ми ұйымдардың орташа жал­ақысы 136 мың теңгені құрайды. Мұндай жалақы кімге керек? Доллармен есептесек, бұл жалақы тіпті 10 жыл бұрын да аз болған. Еліміздегі тікелей қаржыландыру жүйесін ғалымдардың еңбекақысын жоғары жалақы төленетін мемлекеттік қызметшілердің санатымен теңестіретін немістердің моделіне көшуді ұсынамын», деді Сергей Пен ADAL BILIM алаңындағы тікелей эфирде.

Талқылау барысында жас ға­лым Мақсат Жабағин да отан­дық ғылым саласын грант­тық қар­жыландыру тұжыры­мда­масын қайта қарауды ұсынды. Атал­­ған саладағы проблемалар­ды шешудің жолдарына тоқ­та­лып, ғалымдарды тікелей қар­жы­­лан­­дырудың өзге жолын ұсынды.

«Біздегі гранттық қаржылан­дыру жүйесінде үнемі ғалым­ның өзі емес, ғылыми идеясы бірінші орын­да тұрады. Сондық­тан бола­шақ­та бұл тұжырымдаманы қай­та қа­растырып, алдыңғы орын­ға ғалымдарды қою қажет. PhD дә­ре­жесін қорғағандардың бәрі­нің ғылыми зерттеулеріне кон­курс­сыз-ақ алғашқы гранттарын бе­ру керек. Кейін ол кәсіби тұр­ғы­да дамиды және біліктілігі арт­қан сайын оған келесі гранттар бері­леді. Егер ол қандай да бір по­зи­­ци­ялық кезеңде тиісті талап­тар­­ға сай келмей қалса, грант­тық қар­жы­ландыру бойынша бәсе­ке­лес­тік ортаға түседі. Яғни бұл ға­лым­дарды тікелей қаржы­лан­дыру жүйесінің баламасы», деді «Ұлт­тық биотехнология орталы­ғы­ның» Адам генетикасы зерт­хана­сы­ның меңгерушісі Мақсат Жабағин.