Фото: gov.kz
Конкурс қатысушысы ұпай есептеу тәртіпке сай жүргізілмегенін айтып, сотқа шағымданған. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты конкурсты өткізу кезінде жер заңнамасын бұзу фактілері болмағанын негізге алып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.
Апелляцияны заңсыз деп танып, комиссияның шешімі мен әкімнің шаруа қожалығына ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулысының күшін жойды.
Облыстық сот әкімге Қызылқайың ауылдық округінде жалға беру құқығы бойынша конкурстың қорытындысын қайта қарауды міндеттеген.
Аудан әкімі бұл шешімге кассациялық тәртіпте шағым түсірген.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы істі қарап, комиссия отырысының бейнежазбасынан комиссия мүшелерінің негізгі немесе қосымша ұпайларды беру бойынша дауыс бермегенін анықтады.
Ал комиссия төрағасы конкурсқа қатысушыларға өзі бөлген.
Жер кодексіне және Шаруа қожалығын жүргізуге жалға беру құқығын беруге конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес белгілі бір ауданда, қалада, ауылда, елді мекенде 5 жылдан кем емес тұратындарға қосымша 10 балл беріледі.
Конкурс кезінде оның отбасы Қарағандыда тіркелгенін ескеріп, оған негізсіз қосымша 10 ұпай беріліп, ол жеңімпаз деп танылған.
Осыған байланысты Жоғарғы Сот аталған іс бойынша облыстық соттың қаулысын күшінде қалдырды, ал аудан әкімінің шағымын орынсыз деп тапты.