Білім • Бүгін, 16:45

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жүлдегерлері анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл сәуірде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен басталған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнеәдістер конкурсының қорытындысы шықты, деп жазады Egemen.kz.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жүлдегерлері анықталды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Байқауға 5000 педагог қатысқан. Оның ішінде 108 қатысушы жеңімпаздар қатарынан көрінді. 

Байқау аймақтық және республикалық кезеңнен өтті. Бейнесабақтар 12 бағыт бойынша дайындалған. Оларды өңірлік сараптама кеңесінің мүшелері жеті критерий бойынша бағалады.

сс

«Республикалық сараптамалық кеңестегі жұмысқа Өрлеу өкілдері мен конкурстың бағыттары бойынша сыртқы сарапшылар тартылды. Конкурстық жұмыстарды бағалау рәсімі ашық және шынайы болды. Республикалық кезең жүлдегерлерінің тізімі біздің орталық филиалдарының сайтында және ресми аккаунттарында орналастырылады», деді «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.
Осылайша, 108 педагог 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарға ие болды. Әр бағыт бойынша YouTube-те ең көп қаралған бейнематериалдардың авторлары анықталды. Сонымен қатар, биыл ЮНЕСКО байқауға қатысушылардың жұмыстарына бірінші рет баға беріп, «жаһандық азаматтық рухында білім беру» және «климаттық өзгерістер саласындағы білім беру» бағыттары бойынша арнайы марапаттар табыстады.