Саясат • 15 Желтоқсан, 2020

Ақынның жырында ауылдың үні бар

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Ақындар ауылды жырлайды» атты әдеби-поэтикалық кеш өтті. Іс-шараға «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Дәулеткерей Кәпұлы мен Зейін Әліпбек қатысты.

Ақынның жырында ауылдың үні бар

Сонымен қатар рухани кеш­ке пар­тияның 2017 жылдан бері жыл сайын өткізіп келе жат­қан «Ауылым – алтын тұғы­рым» онлайн-бай­қауы­­ның жеңімпаздары мен қаты­су­шылары жиналды. «Ауыл тақы­рыбы – ешқашан таусылмайтын, еш шекарасы жоқ, ештеңемен шектелмейтін күрделі тақырып екеніне көзіміз жете түсті. Ауылдың қасиеті мен киесін көрсетудің жақсы бір жолы – әдеби конкурстар арқылы дәріптеу екені белгілі. Ауыл тақы­рыбын сөз еткен ең мықты шығармаларға онлайн-байқау жарияладық. Поэзия, проза, драма жанрлары бойынша өткен байқауға елге танымал ақын-жазушылар қазылық етті. Бұл игі бастама дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіліп келеді. Сол арқылы ел арасынан қаншама мықты жас таланттар жарыққа шықты», деді партия төрағасы Ә.Бектаев.

Ақын, әдебиеттанушы Д.Кәп­ұлының айтуынша, ұлттық негіз, ұлттық болмыс хақындағы тол­ғам­ның көрінісін ақын-жазу­шылардың шығармасынан көру­ге болады. Қазақтың сөз өнері ықылым замандардан қалып­тасып, рухани негізімізге айна­лып, ұлт ретіндегі таным-түсі­нік­тен, болмыс-бітімнен, тұтас­­тық­тан еш уақытта ажырамай ке­леді. Жыраулардың толғаулары, жыршылардың төкпесі, тіпті күйшілердің саусағынан төгілген күмбірлі күйдің өзінде ұлттық нәр, ұлттық бояу, ұлттық сарын мен ұлттық құндылық ажырамай, біртұтас, үндесіп тұрады.

Кеш барысында ақындар өлең оқып, күйшілер күй орын­дап, әншілер домбырада әнмен шашу шашты. Сондай-ақ жас ақын-жазушылар партия қатарын толықтырып, мүше­лікке өтті.