Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2020

Алматыда жатақханадан өрт шықты

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында жатақханалардың бірінен өрт шығып, бір адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Алматыда жатақханадан өрт шықты

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменінің мәліметінше, 14 желтоқсан күні 12 :42 -де Жетісу ауданындағы Ангарская көшесінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.

«Өрт сөндірушілер сағат 12:49 келгенде 3 қабатты ғимараттың 1 қабатында орналасқан қойма жанып жатқанын анықтады. Екінші және үшінші қабатта жатақхана орналасқан. Тұрғындардың көпшілігі сыртқа өздері шықты, бірақ жатақхана дәлізіндегі қою түтіннен 48 жастағы тұрғын аяғындағы жарақатқа байланысты өздігінен сыртқа шыға алмаған. Өрт сөндірушілер зардап шегушіні маска кигізіп сыртқа алып шығып, жедел жәрдем бригадасына табыстады», деп хабарлады департамент өкілдері.

Өрт 80 шаршы метр ауданды шарпыған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 60-тан астам қызметкер, газ-түтіннен қорғау қызметінің 6 тобы және 15 техника жұмылдырылды.