Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2020

ҰОК ПЕН АҚШ елшілігі спортшыларды оқыту жөніндегі жобаны іске қосты

159 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық Олимпиадалық комитет АҚШ елшілігімен бірлесе отырып, ұлттық құрама команда мүшелеріне ағылшын тілін үйрету туралы бірегей бастаманы іске қосты деп хабарлайды Olympic.kz. 

ҰОК ПЕН АҚШ елшілігі спортшыларды оқыту жөніндегі жобаны іске қосты

Жылдам дамып жатқан қазіргі әлемде, оның ішінде, спортта ағылшын тілінің орны бөлек. Бұл Олимпиадалық қозғалыстың ресми тілдерінің бірі саналады, көптеген елдер жарыс өткізер кезде турнирдің ресми тілі ретінде ағылшын тілін пайдаланады. Сондықтан да, Қазақстан командасы спортшыларының бұл тіл бойынша базалық білімге ие болғаны өте маңызды. Спортшыға ағылшын тілі не үшін керек?

Жарыс кезінде аса қажет: турнирге, төрешілер алқасының бағасына пікір білдіру үшін (ең болмағанда қайталанады) кез келген елде ағылшын тілінде жауап қату қажет. Сондай-ақ, спорттық ортада өзара байланыс ұстау үшін де маңызды. Мұнда көп нәрсе спорттың түріне байланысты. Әрбір спорт түрінде өзіне ғана тән және бейресми териндер көп, олардың барлығын бірдей сөздіктен таба бермейсіз. Әрине, бапкерлік қызметте де тілді білгеннің артықтығы жоқ. 

Одан бөлек, спортшының тұлға ретінде өсуіне ағылшын тілінің септігі көп тиеді. Ағылшын тілін білу арқылы білім саласныда қосымша мүмкіндіктер пайда болып, алмасып оқу жөніндегі халықаралық бағдарламаларға жол ашылады. Ағылшын тілін жетік меңгерген атлеттер спорттық мансабын аяқтаған соң да жерде қалмайды. 

«Спортшылармен жұмыс барысында олардың әлемдік аренада Қазақстан атынан шығатынын түсіндіру маңызды. Олардың базалық ағылшын тілінде өздері туралы сұхбат бергені, допинг тексеру кезінде не талап ететінін түсінгені және өз білімін басқа спортшылармен бөліскені аса маңызды. Өйткені, әрбір жарыс, оның ішінде, Олимпиада ойындары секілді ірі спорттық дода мәдениеттердің алмасатын жері. Сондықтан, Олимпиадалық қозғалыстың басты тілдерінің бірінде сөйлей білудің артықшылығы көп.  Осы орайда, бізбен әріптес болуға және спортшыларды оқытуға келіскен АҚШ елшілігіне алғысымыз зор», - дейді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков. 

Курста ағылшын тілін арнайы шақырылған лектор Джесс Бёрден үйретеді. Бёрден тәжірибелі оқытушылардың бірі, ол 15 жылдан аса уақыттан бері студенттерге кәсіби түрде білім беріп келеді. Одан бөлек, спортшыларға арнайы оқу бағдарламасы құрастырылды. Бағдарлама спортқа және спорттық мәдениетке бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша білім алу арқылы біздің спортшылар шетелдік журналистерге сұхбат беріп, тілді қолданудың базалық қағидаларын түсінеді. 

«Біз үшін ағылшын тілін үйренуге үлкен мүмкіндік беріліп отыр. ҰОК бізге оқу-жаттығу жиынлары мен жарыстарды ғана ұйымдастырып қоймай, біздің әрі қарай дамуымызға да оң әсер етіп жатқаны қуантады. Ағылшын тілін үйренуді көптен бері ойлап жүрсем де, уақыт тапшылығы әсер еткен. Міне, енді сәті түсті.  Тіл үйрену бізге қосымша мүмкіндіктер береді. Оның үстіне, әртүрлі ел спортшыларымен шүйікрелесіп, өз тәжірибеңмен бөліскен керемет деп ойлаймын.  Ағылшын тілін спортшыларға арнайы жасалған бағдарлама бойынша оқып жатқанымыз да үлкен көмек. Топтағылардың бәрі мен сияқты спортшы болғандықтан, бір бірімізді жақсы түсінеміз. Курс аяқталған соң ағылшын тілін жақсы түсінемін деген ниеттемін», - дейді бокстан Токио Олимпиадасы жолдамасының иегері Абылайхан Жүсіпов. 

Бағдарламаға 24 спортшы қатысуда. Курс қатысушылары Қазақстан ұлттық құрама командаларынан келген 280 атлет арасынан таңдап алынды. Сондай-ақ, ағылшын тілін үйрену үшін еліміздің бірінші нөмірлі спортшылары мен Қазақстан атын әлемдік аренада танытып жүрген үздіктер іріктелді.