Қоғам • 15 Желтоқсан, 2020

«Болашақ» бағдарламасының студенттері «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясына қолдау білдірді

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелде «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджіне қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Болашақ» бағдарламасының студенттері «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясына қолдау білдірді

«Болашақ» бағдарламасының студенттері «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясын қолдайды. Олар бүкіл әлем бойынша акцияға қатысуда. Шетелде оқитын студенттер үшін ту жай ғана символика емес. Бұл туған жерімізді еске түсіретін үйіміздің, өзіміздің бөлігіміз. Елінен жырақтағы студенттер өздерін ерекше патриот сезінеді. Олар әрдайым Қазақстанның туын желбіретеді, біздің ел туралы, мәдениет пен дәстүріміз туралы үнемі айтып жүреді», - дейді Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова.

Халықаралық «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы - Қазақстандағы ең танымал білім беру бағдарламаларының бірі. Бүгінге дейін 13 976 адам степендия иегері болды.

Акцияны елордалықтар қолдап, балкондарына ту іліп қойды. Осылайша, қала тұрғындары қазақстандықтарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, оларды челленджді қолдауға шақырды. Сондай-ақ азаматтар #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен Қазақстан Республикасының туымен байланысты жазбалар, фотосуреттер, видео мен сюжеттер жариялау арқылы челленджге қатыса алады.