ProMED-mail платформасының сайтында АҚШ-тың жануарлар мен өсімдіктер денсаулығын тексеру қызметінің (APHIS) есебінде айтылғандай, ауру эпидемиологиялық зерттеу аясында коронавирус ошағы болуы мүмкін күзен фермасы маңында жабайы жануардан табылыпты.
«Жабайы күзеннен коронавирус инфекциясы табылғаны рас. Бұл SARS-CoV-2 тіркелген алғашқы жабайы жануар», делінген APHIS хабарламасында.
Бұл оқиға туралы ақпарат Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын қорғау ұйымына берілгендігі де атап өтілді. Сондай-ақ, APHIS әзірге COVID-19 расталған жағдайлары бар күзен фермаларының маңында тұратын жабайы популяцияда айналым жасайтындығы туралы ешқандай дәлел жоқ.