Спорт • 15 Желтоқсан, 2020

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфинов тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Талғат Байсуфинов бұған дейін де ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын.

Сонымен қатар, білікті бапкер әр уақытта Петропавлдың «Есіл-Богатырь», Павлодардың «Ақсу», «Ертіс», Оралдың «Ақжайық» футбол клубтарында жұмыс істеген.

Наурызда Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуді бастайды. Топтық кезеңде Франция, Украина, Финляндия, сонымен қатар Босния және Герцеговина құрамалары қарсылас болмақ.