![«Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» жаттығуы аяқталды](/media/2020/12/15/254e4b395facb2cd37e718d06ddf14ed_original.78178.jpeg)
Кибержаттығу «Қазақстанның Киберқалқаны» техникалық жүйелерінің тиімділігін тексеруге, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне ден қоюға дайындық деңгейін айқындауға бағытталған.
Жаттығу нәтижелері бойынша еліміздің цифрлық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қатысты ақпараттық және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл бойынша өңір ауқымында бірегей тәжірибе алынды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелер анықталды.
Мемлекеттік органдардың инфрақұрылымына және Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне кибершабуылдарды тергеу шеңберінде жедел штаб құрылды, шартты бұзушыларды іздеуге және киберқылмыстардың дәлелді базасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізетін тиісті топтар құрылды.
Бұдан басқа, екі «киберджихадшыны» ұстау бойынша іс-шаралар өткізіліп, заңға қайшы әрекеттердің іздері анықталды. Ұстау, тінту, заттай дәлелдемелерді жинау және шартты бұзушылардан жауап алу барысы БАҚ-та материалдар дайындау мақсатында фото, бейне тіркеумен және оқу бейнефильмімен ұсынылды.