05 Желтоқсан, 2013

Қарағанды полицейі жүргізушімен дұрыс сөйлесе алмағаны үшін жаза алды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05 12-PoluzҚарағанды облысындағы жол полициясының қызметкеріне жүргізушімен дұрыс сөйлесе алмағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы TengriNews.kz хабарлады.

Автобус жүргізушісін тоқтатып, онымен тілдескен сержант Әбуовты көлік иесі дұрыс сөйлей алмайтынына ескерту жасаған болатын. Әңгімелесу кезінде полицей жүргізушінің фамилиясын дұрыс айта алмаған көрінеді. Осы көрініс лезде ғаламтор бетінен көрініс тауып, жұртшылық арасында қызу пікірталас туды. Бірі құқық қорғау қызметкерін айыптаса, ал кейбіреулері жүргізушіні жақтаған. Дегенмен, басым бөлігі тілдік мәселеге келгенде өте абай болу қажеттігін алға тартады. Себебі, полицей жүргізуші орыс тілінде сөйлескендіктен, осы тілде өз ойын жеткізген.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: TengriNews.kz

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 08:00

Суретшілер шашуы

Көрме • Бүгін, 07:55