Қоғам • 16 Желтоқсан, 2020

Шеберге шекара жоқ

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының тізімімен Парламент Мәжілісіне ұсынылған кандидаттар Бахаргүл Төлеген және Әйгерім Көкеева, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығынан үміткерлер Фархат Энгишев пен Алтынай Елубаева қолөнер шеберлерімен кездесті.

Шеберге шекара жоқ

Бахаргүл Төлеген «Әдемі-Ай» компа­ния­сының президенті болса, Әйгерім Көкеева – «Ауыл» партиясы жастар қана­тының жетекшісі.

Айта кетейік, бүгінде сайлауға қатысатын саяси ұйымдардың арасында қандастардың проблемасын өз сайлауалды бағдарламасына бөлек бағыт ретінде қосқан тек «Ауыл» партиясы ғана. Б.Төлегеннің айтуынша, қазіргі кезде қандастарға мемлекет тарапынан жеңіл­детілген, кепілсіз несиелер қарас­ты­рыл­маған.