Әлем • 17 Желтоқсан, 2020

Еуропа Рождество қарсаңында шектеу шараларын күшейтпек

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия 25 қараша мен 20 желтоқсан аралығына енгізілген карантинді одан ары ұзартпақ. Жаңа мерзім - 10 қаңтарға белгіленіп, шектеу шаралары күшейтілді. Сәрсенбіде мемлекетте COVID-19-дың кесірінен болған өлім-жітімінің рекордтық деңгейі тіркелді: 952 адам қайтыс болды.

Еуропа Рождество қарсаңында шектеу шараларын күшейтпек

Рим мен Мадридте COVID-19-дың таралуын болдырмау мақсатында Рождество мерекесі қарсаңында қатаң шаралар қабылдауды қарастыруда.

Ұлыбританияда, керісінше, Рождество мерекесі кезеңінде шектеу шаралары жеңілдемек, бірақ ел билігі ұзақ сапарлар мен топтық кездесулерге қатысуға кеңес беруде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалықтарды Рождество мерекесі кезінде бетперде тағуды және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды.