Әлем • 17 Желтоқсан, 2020

Испанияда қозғалған «орыс мафиясы» ісі бойынша Қазақстан азаматы ұсталды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның полиция қызметкерлері 23 адамды ұстады. Олардың ішінде Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Испанияда қозғалған «орыс мафиясы» ісі бойынша Қазақстан азаматы ұсталды

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған азаматтар «орыс мафиясының» ақшасын жылыстатқан адамдар ретінде күдікке ілінген.

«Ондағы полиция қызметкерлері істің мән-жайын хабарламай отыр. Бірақ бұл іс «Шығыс Еуропа мафиясына» қарсы кейінгі жылдардағы ең ірі операция. Ұсталғандардың «иерархиялық деңгейі жоғары» екені белгілі болып отыр», - делінген хабарламада.