Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2020

Шетелден келген 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, Үндістан, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

Шетелден келген 4 қазақстандықтан коронавирус анықталды

2 052 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 674 адам, анықтамасыз 378 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 206;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 760 жолаушы, анықтамамен - 601; анықтамасыз - 159;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 54 жолаушы анықтамамен келді;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 75 жолаушы, анықтамамен - 72; анықтамасыз - 3;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 129; анықтамасыз - 10.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 16 желтоқсанында анықтамасыз келген 311 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.