Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіз байқаушылар дауыс берудің әділ өтуіне демеу болады

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада дауыс беру барысын сапалы бақылау үшін кәсіподақ байқаушыларына арналған оқыту дәрістері аяқталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Тәуелсіз байқаушылар дауыс берудің әділ өтуіне демеу болады

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қадағаланған штаб жанындағы байқаушылар мектебінде барлығы 250 адам оқытылды. Семинар-тренингтерде тәжірибелі сарапшылар мен заңгерлер ҚР сайлау туралы Конституциялық заңы, байқаушының құқықтары мен міндеттері және мінез-құлық кодексі туралы түсіндіріп берді. Сонымен қатар, дауыс беру күні учаскедегі фото және бейне түсірілімнің ерекшеліктері, байқау процесін құжаттамалық сүйемелдеу туралы да және тағы басқа қажетті кеңестер айтылды.

Қалалық штабтың басшысы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, жуық арада байқаушыларға арнайы дайындалған сайлау учаскесінде алған білімдерін іс жүзінде қолдану үшін практикалық жұмыстар жүргізіледі. Келесі аптада байқаушыларды сайлау учаскелеріне бекіту жұмыстары аяқталмақшы.

Сондай-ақ, байқаушыларға пандемия кезіндегі сақтық шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дауыс беру күні қарсаңында жеке қорғаныс құралдары беріледі.