Спорт • 19 Желтоқсан, 2020

Жансая Әбдімәлік – ел чемпионы

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан әйелдер арасында өткен Қазақстан чемпионатының тоғызыншы туры аяқталды. Бұл бәсекелерде мынадай нәтижелер тіркелді:

Жансая Әбдімәлік – ел чемпионы

Әмина Қайырбекова – Гүлісхан Нақбаева 1:0

Алуа Нұрманова – Әсел Серікбай 0,5:0,5

Гүлмира Дәулетова – Меруерт Камалиденова 1:0

Ксения Балабаева – Лия Кұрманғалиева 0,5:0,5

Жансая Әбдімәлік – Лаура Әбілдаева 1:0

Осы жарыстың қорытындысы бойынша 9 мүмкіндіктен 7 ұпай жиған Жансая Әбдімәлік Қазақстан чемпионы атанды. 6,5 ұпайды қоржынға салған Гүлісхан Нақбаева күміс медальді иеленсе, Әмина Қайырбекова қолаға қол созды. Оның еншісінде – 5 ұпай.