Осы аралықта көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтерге 14,3 млрд.теңге төленді, 5409 жоғарытехнологиялық медициналық қызметтерге – 1 млрд.теңгеден астам, 97 536 стоматологиялық қызметтерге – 225 млн.теңге төленді.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша стационарларда емделгендер (61,9 млрд.теңге сомасына) саны - 199 363», деп хабарлады брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 100 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен (2019 жылы – 105 қызмет жеткізуші) келісімшартқа отырған. Олардың 32-і – мемлекеттік, 60-ы – жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымдары. Оның ішінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым – 35, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар – 30, стационарды алмастыратын көмек көрсетушілер – 77, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекеме – 12.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұрғындар саны - 1 171 302 (ҚР бойынша - 18 809 210). Олардың ішінде 648 978 тұрғын жеңілдігі бар санатқа жатады, бұл барлық тұрғынның 55%-на жуық. Олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.