Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2020

Өскемен қаласы аумағына келіп-кетуге тыйым салынды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскемен қаласы аумағына келіп-кетуге тыйым салынды

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсандағы сағат 00.00-ден бастап 2021 жылғы 4 қаңтардағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын», делінген Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында.

Сонымен қатар, облысаралық және халықаралық автобус, шағын автобус тасымалдарының жұмыс істеуіне тыйым салынған.

Сондай-ақ азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына (–н) келуіне/кетуіне тыйым салынған.